КМҚК Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясында 2017 жылдың 04 тамыз күні «Санатория ханзадасы мен ханшайымы – 2017 » атты байқау өткізілді. Әр баланың бойындағы қасиеттерін, өнерлерін көрсету, сахна мәдениетін қалыптастыру, балалар шығармашылығын шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.
Барлық қатысушыларға санатория бас дәрігер А.У.Шобалаева алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Байқау көптің көңілінен шығып жоғары деңгейде өтті. «Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас биікке ұшпай»- демекші қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлап, өнерлерімен тамсандырды. Мұндай іс-шаралар балалардың бойында ерекше сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз.