Меню

Әлемге нұрын шашқан арман қала – Астана

КМҚК Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясында 2017 жылдың 05 шілде күні «Әлемге нұрын шашқан арман қала-Астана» мерекелік шара өткізілді.

Бас дәрігер А.У.Шобалаева Елораданың туған күнімен шын жүректен құттықтады. Өз сөзінде,ыстық лебізінде аз жылдар ішінде қарқынды дамыған Астана-намысшыл және өресі биік тәуелсіз еліміздің нысанына айналғандығын, Елорданы Сарыарқа төріне көшіру туралы шешім сындарлы жылдарда шығарылса да, тарих мұның стратегиялық мүддеден туындаған бастыл қадам екендігін дәлелдегенін, Астана жаңа Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдение өмірінің орталығы мәртебесіне ие болғандығын тілге тиек ете келе, Астананың келбеті күннен күнге өзгеруде екендігін және Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы елдің қарқынды дамуының жарқын көрінісіне айналғандығын айтып өтті.

Мерекелік шара әнұранмен басталып, балалар өздерінің көңілді, жарқын, куанышты күлкілері мен шаттыққа толы дауыстарымен «Жайна Астана», «Туған күніңмен,Астана!», «Астана», «Астана кеші» музыкалық композицияларын, «Алға, Қазақстан!» флешмоб ұсынды.

Мерекенің ерекше атмосферасы балалардың Астанада өтіп жатқан Астана ЭКСПО-2017 тарихи оқиғаларға қатыстылығын сезіндірді, өз еліне деген мақтанышы мен сүйіспеншілігін білдірді.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Мухтарова Улжан Максутовна


Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

Байланыстар

Мекен-жай:
г. Атырау, ул. Смагулова 26, 28, 30

Бас дәрігердің телефоны:
8 (7122) 32-18-68

Телефон факс:
8 (7122) 32-27-18

Қабылдау телефоны:
8 (7122) 32-81-19

«Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясы» ШЖҚ КМК