Меню

«Жарқ еткен жұлдыз»

9 ақпан 2018 жыл Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясында, Облыстық балалар кітапханасының өнер секторының қызметкерлерімен бірлесіп ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 87 жасқа толуына орай «Жарқ еткен жұлдыз» атты әдеби сазды кеш болып өтті.

Мақсаты: өскелең ұрпақтың поэзияға деген құштарлығын арттыру, Мұқағали өлеңдерінің құдіретін жүректерімен түсіне білуге үйрету.

Ең алдымен сөз алған өнер секторының меңгерушісі З.Ж.Алиева Мұқағали Мақатаевтың өміржолы мен шығармашылығы туралы әңгімелеп «Жыр тарланы- Мұқағали» атты кітап көрмесі библиографиялық шолу жүргізіледі. Содан соң балалар ақынның «Отан» «Үш бақытым», «Тұрсын солай  болсын», «О, туған жер»  атты өлеңдерін нақышына келтіріп, жатқа айтып, оқушы Мутиголла Жайнам мен Жарбусинова Гүлназ «Саржайлау» мен «Фариза қыз» әндерін орындады. Шара барысында  оқушылар «Мұқағали мәртебесі мәңгілік» атты бейнероликті тамашалады.

1
2
3
4
5
6
7
8

Мухтарова Улжан Максутовна


Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

Байланыстар

Мекен-жай:
г. Атырау, ул. Смагулова 26, 28, 30

Бас дәрігердің телефоны:
8 (7122) 32-18-68

Телефон факс:
8 (7122) 32-27-18

Қабылдау телефоны:
8 (7122) 32-81-19

«Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясы» ШЖҚ КМК