Меню

«Қош келдің Әз-Наурыз»

Мақсаты: Татулықтың, бірліктің, еңбектің,ізгіліктің, бақыттың негізі болған наурыз мерекесі туралы жас ұрпаққа түсінік бере отырып, халқымыздың ұлттық рухымызды, салт-дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу. Әз наурыз мейрамы ерекше аталып өтті.

Алты қанат ақ боз үй тігіліп, көже пісіріп, ақ дастархан жайылып, ақ байырсақ шашылды.

Шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетті. « Наурыз көктем», «Наурыз думан», «Наурыз келді» атты әндерді оқушылар нақышына сай орындады, өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа оқыды.

Бүлдіршін қыздарымыз «Гүлдер» биін ал, ересек топтың қыздары «Махамбет толғауы» биін билеп өз өнерлнрін ортаға салды.

Ата-бабадан мирас болып келе жатқан салтымыз «Бесікке салу» дәстүрі көрсетілді. Ұлдар «Асық ату» ұлттық ойынын ойнады.

Осы шараға санатория басшысы мен дәрігерлер, ұстаздар қатысып, ризашылықтарын білдірді.

Ұлыстың Ұлы күні Наурыздың тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік белгілерін оқушылар тереңнен түсіне білді.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

Мухтарова Улжан Максутовна


Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

Байланыстар

Мекен-жай:
г. Атырау, ул. Смагулова 26, 28, 30

Бас дәрігердің телефоны:
8 (7122) 32-18-68

Телефон факс:
8 (7122) 32-27-18

Қабылдау телефоны:
8 (7122) 32-81-19

«Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясы» ШЖҚ КМК