Меню

«Балғын балалар - біздің болашағымыз»

Атырау облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясында 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған «Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Іс-шараны Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясының директоры Аманбек Кабдешұлы балаларды мерекелерімен құттықтап, мерекелік шараны ашып берді.Балалар санаториясының емделушілері өз өнерлерін ортаға салды. Балаларды құттықтау, оларға көңіл бөлу және мерекелік атмосфера жасау мақсатында «Светоч» славян этно-мәдени бірлестігі аталған мерекелік шара үшін қызметкерлерімен өздерінің бүлдіршіндерінің қатысуымен концерттік бағдарлама дайындаған.Шара соңында «Светоч» славян этно-мәдени бірлестігінің қызметкерлері бүлдіршіндерге әр-түрлі ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар табыс етті. Аниматорлардың қатысуымен балалар мерекелік шараны флешмоб биімен аяқтады.

Мерекелік әсем ән мен қызықты ойындар шипажайда ем алып жатқан балаларды шаттыққа бөледі. 

1
2
3
4
5
6
7
8
9

Мухтарова Улжан Максутовна


Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

Байланыстар

Мекен-жай:
г. Атырау, ул. Смагулова 26, 28, 30

Бас дәрігердің телефоны:
8 (7122) 32-18-68

Телефон факс:
8 (7122) 32-27-18

Қабылдау телефоны:
8 (7122) 32-81-19

«Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясы» ШЖҚ КМК