Меню

«Домбыра – асыл мұра

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекі­тілген жаңа мейрам – Ұлт­тық домбыра күні 29 маусым күні  Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясының «Домбыра – асыл мұра» атты  концерттік бағдарлама  болып өтті. Мақсаты: қазақ халқының ұлттық өнерін әңгімелеу, ұлттық аспап домбыра туралы түсінік беру. Балалардың  шығармашылық қабілетін өсіре отырып жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту. Мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу. Концерттік  бағдарлама  алдымен  домбыраның  шығу  тарихы айтылып,   домбыра  түрлері таныстырылды.Шара  барысында  Мыңбаева  Аружан  халық  күйі «Кеңес» сонымен  бірге Қанатқалиева  Зарина халық  әні  «Ақбұлақ », «Той жыры»  әндері  орындалып, Өтеген  Аяжанның  орындауында  Қадір  Мырза  Әлінің «Домбыра» көркемсөзін  оқыды . Ару  қыздарымыз  концерттік  бағдарламаны   Домбыра   биімен  аяқтады.Барша Қазақстандықтарды  Облыстық  туберкулезге  қарсы  балалар  санаториясы  1  шілде  Ұлттық  домбыра  күні  мерекесімен  құттықтайды.

1
2
3
4
5
6
7

Мухтарова Улжан Максутовна


Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

Байланыстар

Мекен-жай:
г. Атырау, ул. Смагулова 26, 28, 30

Бас дәрігердің телефоны:
8 (7122) 32-18-68

Телефон факс:
8 (7122) 32-27-18

Қабылдау телефоны:
8 (7122) 32-81-19

«Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясы» ШЖҚ КМК