Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
2018 жылдың 31 мамырда Атырау облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясының директоры А.К.Жумиров қызметкерлерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 411-V ҚРЗ сәйкес түсініктеме беріп өтті. Аталған Заң талаптары бұзылған жағдайда қандай жауапкершілік қаралатынын баяндады. Санаторияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық факторларын болдырмау шараларының алдын алу бойынша , егер сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған немесе фактіні көрген болсаңыздар, дереу тікелей басшыға сенім телефонына: «32-79-91», сондай-ақ республикалық деңгейде «1424» Call орталығына хабарласу керектігін қайта ескертті.
Атырау облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясында 2018 жылдың 22 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің маманы Өтешова Гаухар Қазиханқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған кездесу өткізді.Департамент маманы өз жұмыстары жөнінде түсінік бере келе, санатория қызметкерлерінің түрлі сұрақтарына жауап беріп, мазмұнды кеңес өткізуге ат салысты. Кеңес барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу жолдарының шеңбері ұзарғаны жөнінде айтылды. Сонымен бірге жиналыста Гаухар Қазиханқызы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін қандай нәрселерге төтеп беру керектігін ашып көрсетіп, Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің болуының өзі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың орын алуына септігін тигізетін бірден – бір себеп екендігінде ескертті. Жиналыс барысы сыбайлас жемқорлық туралы бейнебаянмен жалғасты. Қорытындысында қызметкерлер сұрақтарын еркін қойып, жиналыс жоғары деңгейде өткізілді.