ОБЪЯВЛЕНИЕ!
Анонс о проведении внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности
КГП на ПХВ «Атырауский областной противотуберкулезный санатории»
С 10 октября по 10 ноября 2023 года в КГП на ПХВ «Атырауский областной противотуберкулезный санатории» будет проводиться внутренний анализ коррупционных рисков.
Внутренний анализ коррупционных рисков в деятельности КГП на ПХВ «Атырауский областной противотуберкулезный санатории» будет проведен по следующим направлениям:
1) Выявление коррупционных рисков в действующих правовых актах, принятых КГП на ПХВ Атырауский областной противотуберкулезный санатории» за предыдущие 12 месяцев;
2) Выявление коррупционных рисков во внутренних документах;
3) Выявление коррупционных рисков, связанных с управлением персоналом;
4) Выявление коррупционных рисков, связанных с конфликтом интересов;
5) Выявление коррупционных рисков, связанных с реализацией разрешительных функций;
6) Выявление коррупционных рисков, связанных с реализацией контрольных функций;
7) Выявление коррупционных рисков, связанных с реализацией иных вопросов, вытекающих из организационно-управленческой деятельности;
8) Выявление коррупционных рисков, связанных с финансово-хозяйственной деятельностью.
КМҚК Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясында 2017 жылдың 16 мамырда сағат 11:00 де сыбайлас жемқорлық қарсы жиын өткізілді. Мекеменің бас дәрігері Шобалаева Алма Өтеғалиқызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының мақсатын, негізгі ұғымдарын, баптарын жеке-жеке қарастырып талдап өтті. Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық орын алған жағдайда қандай жауапқа тартылатындығы жөнінде баяндап, әрбір азаматтың заң алдындағы жауапкершілін айтып түсіндірді. Қоғамға жат,арға дақ түсіретін осынау құбылыспен тоқтаусыз күресу керектігі жөнінде пікірін білдірді.
КМҚК Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясында 2017 жылдың 02 қазан күні
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ашық есік өткізілді
КМҚК Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясында 2017 жылдың 29 тамыз күні сағат 09:15те сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша семинар өткізілді. С.Х.Абаканова - директордың міндетін атқарушы өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу көріністерін азайту, санаторияда ата-аналар мен қызметкерлер тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою туралы мәлімдеді. Әр қызметкер білуі тиіс - сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын, жауапкершілікке тартылу тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу.
Атырау облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясында 2018 жылдың 22 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің маманы Өтешова Гаухар Қазиханқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған кездесу өткізді.Департамент маманы өз жұмыстары жөнінде түсінік бере келе, санатория қызметкерлерінің түрлі сұрақтарына жауап беріп, мазмұнды кеңес өткізуге ат салысты. Кеңес барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу жолдарының шеңбері ұзарғаны жөнінде айтылды. Сонымен бірге жиналыста Гаухар Қазиханқызы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін қандай нәрселерге төтеп беру керектігін ашып көрсетіп, Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің болуының өзі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың орын алуына септігін тигізетін бірден – бір себеп екендігінде ескертті. Жиналыс барысы сыбайлас жемқорлық туралы бейнебаянмен жалғасты. Қорытындысында қызметкерлер сұрақтарын еркін қойып, жиналыс жоғары деңгейде өткізілді.